2024-04-19 20:14:15
22.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Мегаполистің өндіріс саласы жаңа кәсіпорындармен толығуда

Мегаполистің өндіріс саласы жаңа кәсіпорындармен толығуда

Шымкенттегі «Тассай» индустриалды аймағында биылғы жылы жалпы құны 3,5 млрд теңгені құрайтын 150 жаңа жұмыс орнын қрайтын 5 инвестициялық жоба іске қосылады.

Аймақта мұнаралы крандар мен лифт шығаратын «Кaspy service» компаниясы орналасқан. Құрылысы 2021 жылы басталған ол зауыт келесі жылдың ортасына дейін аяқталып, іске қосылады. Бүгінде құрылыстың 30 пайызы атқарылған. Кәсіпорын жылына 10 дана өнім шығарады. Жалпы жоба құны 750 млн теңгені құрайды. Өндіріс орны пайдалануға берілген жағдайда 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.

Тағы бір нысан – медициналық зертханаға қажетті вакуум түтіктерін өндіретін «Экофарм интернейшнл» ЖШС кәсіпорны. Құрылысы 2019 жылы басталған жобаның биыл І кезеңі бітті. Пайдалануға беру мерзімі 2023 жылға жоспарланып отыр. Кәсіпорын іске қосылса, жылына 70 млн дана медициналық құрал-жабдықтар өндіреді. Жаңа кәсіпорында келешекте 200 адам еңбек етеді.

Медициналық зертхана жабдығын өндіретін «Bio Etica» және «Про-Тек-МП» бірлескен компаниясы жылына 1 млн дана жабдық шығаратын зауыт құрылысын жүргізуде. Кәсіпорын осы жылдың соңына дейін іске қосылады. Аумағы 0,25 га жерге орналасқан жобаға 125 млн теңге қаржы тартылған.

Бұдан бөлек, «Тассай» индустриалды аймағында орналасқан «Аlem luxury» ЖШС-нің құрылысы жуырда аяқталмақ. Жиһаз өндіруге бағытталған фабрика жылына 5 мың дана өнім шығарады. Жобаны жүзеге асыруға 500 млн теңге инвестиция тартылған.

Сонымен бірге, «DentaFill Kazakhstan» ЖШС-нің дәрілік және гигиеналық заттар өндіретін  кәсіпорны 10 млн дана өнім шығаруға қауқары бар. Бүгінде зауыт іске қосылуға дайындық жұмыстарын бастап, қажетті құралдармен жабдықталуда.

Мегаполис басшылығы қалада өндіріс орындарының көп болғанын маңызды санайды. Кәсіпкерлер тарапынан ұсынылған жобаларға әрдайым қолдау көрсетуге де әзір. Осы ретте енді іске қосылғалы тұрған жоғарыдағы кәсіпорындарға 2020 жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында «Тассай» индустриалды аймағынан жер бөлінген.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР