2024-04-20 11:58:00
23.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Көктемгі егіс жұмыстарына 413 мың тонна жеңілдікті дизель отыны бөлінеді

Көктемгі егіс жұмыстарына 413 мың тонна жеңілдікті дизель отыны бөлінеді

Биылғы жылы 413 мың тонна дизель отыны көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге бағытталатын болады, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Дизель отынының тапшылығын, сондай-ақ мұнай өңдеу зауыттарының біркелкі жүктемесін болдырмау үшін дизель отынын жеткізу ақпан айынан бастап кесте бойынша біркелкі жүргізілетін болады.

Энергетика министрлігі ақпан айына дизель отынының кепілдік берілген көлемінің құнын МӨЗ-ден тоннасына 222 мың теңге деңгейінде айқындады. Жеткізу бойынша шығыстарды ескере отырып, қазақстандық аграршылар үшін жанармайдың түпкілікті құны жанармай құю станцияларының нарықтық бағасынан 15-20% — ға арзан болады деп күтілуде.

Дизель отынын жеткізу кезеңінде ауыл шаруашылығы министрлігі Энергетика министрлігімен бірлесіп өңірлерге МӨЗ-ден жөнелту кестесінің сақталуына күнделікті мониторинг жүргізетін болады.

2023 жылы облыс әкімдіктерінің деректеріне сәйкес болжамды егіс алқаптары былтырғы көрсеткіштермен бірдей болады және 23 млн гектардан асады. Алдын ала кем дегенде 18 мың га қант қызылшасымен себіледі. Сондай-ақ көкөніс, бақша және күріш дақылдарының өсуі күтілуде.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР