2024-04-17 02:14:31
12.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті

Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен кезектіинвестициялық штаб отырысы өтті. Онда Шымкентте келесі жылдан бастапжылына 80 мың тонна түйіршіктелген полипропилен өндіретін жаңазауыттың құрылысы басталатыны айтылды. Нәтижесінде 250 азамат жұмыспен қамтылмақ. Жобаның жалпы құны 38 млрд. теңгеге тең. Шаһар басшысы өз сөзінде үшінші мегаполистің импортқатәуелділігін азайтып, экспортын көбейту туралы баяндады.

Осы бағытта қала экономикасына инвестиция тарту жалғаса береді және сол арқылыжаңадан ашылған жұмыс орындарының қатары да көптеп артатын болады.Жауапты басқарма басшылары, аудан әкімдері мен инвесторларқатысқан жиында жалпы 7 жаңа жоба таныстырылды. Атап айтқанда,түркиялық «Stars Cosmetics» ЖШС басшысы Абдулхаким Мухаммадмуса«Оңтүстік» индустриалды аймақтан сұйық сабын өндірісін ашпақ ниетте. 1,5млрд теңгені құрайтын инвест жобаның қуаттылығы жылына 3 мың тоннанықұрайды.

Ол 2023 жылы жүзеге асырылады. Соның нәтижесінде 30 адамөзіне тұрақты жұмыс табады. Сонымен бірге «Milat Hali» деп аталатын тағыбір түркиялық компания басшысы Искандер Каплан «Оңтүстік»индустриалды аймағынан 2,5 гектар жерге кілем өндіретін зауыт құрылысынсаламын деп отыр. Жобаның жалпы құны 4,5 млрд теңге болады.

Осы жобаның аясында жылына 5 млн шаршы метр кілем өндіріледі. Соныменбірге аталған кілем фабрикасы арқылы жұмыссыз жүрген 100-ге жуық азаматтұрақты жұмыспен қамтылатын болады. Өз кезегінде «Элмехмонтаж» ЖШСбасшысы Ержан Қанатбеков құрылысқа арналған газоблоктар шығаратынзауыттың жобасымен таныстырды.Жылына 60 мың текше метр блокшығаратын қуатты өндіріс ошағы «Жұлдыз» индустриалды аймағындаорналасады. Жобаның құны 500 млн теңгені құрайды. Нысан құрылысы 2023жылы салынады деп жоспарлануда. Жоба сәтті жүзеге асып, зауыт жұмысынбастаған жағдайда 20 азамат тұрақты еңбекпен қамтылатын болады.

Штаб отырысында бұдан басқа құрамалы контейнер өндіретін, терезежақтауларын жасап шығаратын және сантехникалық жиһаздар мен сәулеттікформалар өндіретін инвестициялық жобалар пысықталды. Жоғарыда аталған3 жоба қолға алынса қалаға қосымша 1 200 млн теңге инвестиция тартылып,жалпы саны 75 жұмыс орны ашылатын болады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР