2024-03-29 02:13:03
7.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

БТА банкі ісі аясында 5 миллиард долларға дейінгі активті бұғаттады

БТА банкі ісі аясында 5 миллиард долларға дейінгі активті бұғаттады

Ұлыбританияның азаматтық соты БТА банкі ісі аясында 5 миллиард долларға дейінгі активті бұғаттады. Оның ішінде түрлі елдегі команиялардағы үлестер мен банк есепшоттары бар, — деп хабарлайды CITYNEWS.KZ ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, 13 қарашада сот қазақстандық БТА банкінің өтініші негізінде Англия және Уэльс бизнесі мен мүлкіне байланысты іс бойынша шешім шығарды. Ұйым заңгерлері бірнеше жылдан бері Мұхтар Әблязов дүние жүзі бойынша жалған компаниялар арқылы 6 миллиард доллардан аса ақша жымқырғанын айтып келеді.

Басылым іс АҚШ, Ұлыбритания және басқа елдердегі БТА банкінің қатысуымен өтіп жатқан сот талқылауларының бөлігі екенін атап өтті. Қазақстандық банктің деректері бойынша ұрланған ақша жасырын банк шоттарында және әлем бойынша, оның ішінде Цинциннати сауда орталығында активтерде сақталған.

2012 жылы ағылшын соты істі БТА банкінің пайдасына шешіп, Мұхтар Әблязовты қамауға алу туралы шешім шығарған. Сол кезде Мұхтар Әблязов британиялық әділ сотпен ынтымақтастық жасаудан бас тартқан, оған сотқа құрмет көрсетпеді деген айып та тағылды. Қазір қашып жүрген банкир Францияда жасырынып отыр.

Енді Ұлыбритания соты активтерді бұғаттау туралы шешім шығарды. Бұл БТА банкінің жаңа айыптауларымен байланысты болып отыр.

Еске салайық, Қазақстанда сот Әблязовқа БТА банкінен 7 миллиард долларға жуық ақша ұрлағаны үшін 20 жыл колонияға қамау, сондай-ақ 2018 жылы банкир Ержан Тәтішевтің өлімін ұйымдастыру бойынша өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын кескен.

Ресей және Украина Әблязовқа ақша жымқырды деген айып тағып, іздеу жариялаған болатын. Биылғы қазанда қашып жүрген банкир Францияда соттың қадағалауында екені белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР