2024-04-23 18:37:25
24.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Ауыл шаруашылығында өсім көрсеткіші жоғары

Ауыл шаруашылығында өсім көрсеткіші жоғары

Аумағы жөнінен ең үлкен жылыжай «Таза өнім» шаруа қожалығына қарасты.  Ауданы 9 гектар. Мемлекет тарапынан жылыжайда өнім өсіретін шаруаларға түрлі жеңілдіктер қарастырылған. Атап айтқанда, құрылыс нысанын салуға кеткен шығынның 25 пайызы инвестициялық субсидия мемлекеттік бағдарламасы есебінен өтеледі. Алғашында қаланың әуежай маңынан жылыжай кешендерін салуға жоспар болған. Алайда аталған жоба түрлі себептерге байланысты іске аспай қалды. Дегенмен оның орнына қала іргесіндегі Мәртөбе елді мекені аумағынан 198 гектар жер белгіленіп, жылыжайлар кешені бой көтеретін агроиндустриалды аймақ салынбақшы. Бүгінгі таңда жер учаскелерін түгендеу, мемлекет есебіне алу бойынша құжаттық жұмыстар жүріп жатыр. Сонымен бірге агроиндустриалды аймақта 6 жоба жүзеге асыруға дайын тұр. Тіпті екі инвестор жерді тегістеп құрылыс жұмыстарын бастап кетті.

Олар «Отан Агро» мен «Байтана» компаниялары. Бұдан бөлек, жылыжайда өнім өндірген шаруаларға мемлекеттік қолдау аясында алынған минералды тыңайтқыштар мен тұқымға субсидия қарастырылған. Бұған қоса екінші деңгейлі банктерден және өзге де қаржы ұйымдарынан алған 15 пайыздық несиенің 9 пайызын шаруа өзі төлесе, қалғаны сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау бағдарламасы бойынша мемлекет есебінен өтеледі.

Мал шаруашылығына келсек, бүгінгі таңда жалпы құны 10,6 млн. теңгені құрайтын 8 жобаны іске асыру және соның аясында 229 жұмыс орнын ашу жоспарда бар. Олардың ішінде «Рахат Агро», «Shagyr Agro Group», «Санжар», «Тассай құс», «AGR Global Trade», «Эгамназаров», «Шымкент сүт KZ», «Халвашиков Достан» секілді шаруа қожалықтары мен серіктестіктерді және агроөндірістік кооперативтерді атап өтуге болады.

Соңғы статистикалық дерекке сүйенсек, қаладағы жеке қосалқы шаруашылықтар мен ірілі-ұсақты агрокомпаниялар өз иеліктерінде 79,8 мың ірі қара, 77,2 мың қой мен ешкі, 16,2 мың жылқы, 725,1 мың құс бағып отыр.

Агроөнеркәсіп саласында алдын ала бекітілген жылдық жоспар 44 миллиард теңге болса, биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында   ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 16,9 млрд теңгеге жетті.

Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы саласында 6,6 мың адам еңбек етуде. Өз кезегінде 1 жұмысшыға шаққандағы еңбек өнімділігі 2 млн. 366 мың теңгеге жетті.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР