2024-04-26 03:01:09
16.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Агросала Ұлттық жоба аясында дамып келеді

Агросала Ұлттық жоба аясында дамып келеді

Өңірлердің агроөнеркәсіптік кешенін өркендету үшін республика деңгейінде Президент Жарлығымен 10 Ұлтық жоба бекітілді. Осы жобалардың тізбесінде ауыл шаруашылығына арналған кешенді жоспарлар да бар. Ол Агроөнеркәсіпті кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жоба деп аталады. Бұл жоба мұның алдындағы 2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жалғасы іспеттес.

Осы орайда аталған Ұлттық жобасы аясында қалада қандай ілкімді жұмыстар атқарылып жатқанын саралап көрсек. Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасынан алынған мәліметтерге сәйкес, мегаполистің агросаладағы өсімі жыл сайын жақсарып, дамудың оң динамикасын көрсетіп келеді.

қаланың егістікке жарамды жері 39,5 мың гектар. Оның отыз мыңнан астам гектарына ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі. Мегаполис шаруалары негізінен дәнді, майлы дақылдар, көкөніс пен бақша өнімдерін, картоп және жүгері өсіреді.Биыл мәселен, жергілікті диқандар 90 мыңнан астам тонна өнім алуды жоспарлап отыр. Бүгінгінің өзінде оның тең жартысынан астамы жиналып үлгерді. Оның 18,5 мың тоннасы дәнді дақыл, 0,4 мың тонна майлы дақыл, 41,5 мың тоннасы көкөніс, бақша, 3,1 мың тонна картоп және 14,5 мың тоннасы мал азықтық дақылдар.

Шымкент мегаполис болғандықтан егістік аумағы онша үлкен емес. Негізінен қалаға қосылған ауылдар есебінен егістік жерлердің көлемі ұлғайған. Сондықтан қала әкімдігінің тиісті сала басшылығы бар егістікті тиімді пайдалануды және заман талабына сай агротехнологиялық тәсілдерді игеру арқылы еңбек өнімділігін көтеруді көздейді. Оның бір мысалы жыл он екі ай бойы өнім беретін, қаланы қысы-жазы жаңа піскен көкөніспен қамтамасыз ететін әрі мегаполистің ауыл шаруашылығы экспортындағы әлеуетін арттыратын өндірістік мақсаттағы жылыжайлар.

Бүгінгі таңда 25 гектар жерге өнеркәсіптік үлгідегі жылыжай кешенінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Олар атап айтқанда, «Отан Agro», «Қарқын-2030», «Байтана Агро», «Керемет сапа» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері. Жалпы алғанда, қалада 195 гектар жылыжай кешендері бар. Онда шамамен жылына 25-30 мың тонна өнім өндіріледі. Алынған көкөністер ішкі нарықпен бірге Ресейге де жөнелтіледі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР