2024-04-26 19:36:42
20.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте күніне 25 тонна сүт өңдейтін цех ашылды

Шымкентте күніне 25 тонна сүт өңдейтін цех ашылды

Шымкент қаласындағы Мәртөбе тұрғын алабында сүт өнімдерін өңдейтін цех ашылды. Жобаға  үш жүз  млн теңге инвестиция тартылған. Аталмыш цехта күніне  жиырма — жиырма бес тоннаға дейін сүт өңделуде. Өңделген сүттен 2,5 тонна ірімшік өнімінің голланд және моцарелла түрі шығарылады. Сұранысқа қарай брынза өнімі де өндіріледі.

Кәсіпорын басшысы Полат Халаевтың айтуынша, алдағы уақытта өнім көлемін 35-40 тоннаға дейін арттырып, өнім түрін көбейтуді жоспарлап отыр. Қазіргі таңда Мәртөбеден шығарылған сүт өнімдері еліміздің барлық аймақтарын толықтай қамтып отыр екен.

Жиырма бес жергілікті тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып отырған «Халаев» ЖК кәсіпорын сапа стандарты бойынша жұмыс істеп отыр.

Сүт өңдеу цехының орналасқан жері Мәртөбе тұрғын алабы, Жібек Жолы көшесі, 130үй.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР