2024-04-24 14:01:08
26.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістанда «Ұлы Дала мұрасы» сахналанды

Түркістанда «Ұлы Дала мұрасы» сахналанды

Түркістан қаласында «Астана Балет» театрының гастрольдік сапары басталды. Астаналық ұжым заманауи «Конгресс Холл» ғимаратында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Айгүл Тәти мен МукарамАвахридің «Ұлы Дала мұрасы» атты туындысын сахналады. ҚойылымғаТүркістаноблысыныңәкімі Өмірзақ Шөкеев пен өнерсүйер қауым қатысты.

Балет театры ұжымы ұлы даламызда болған түрлі оқиғаларды би тілімен баяндауды жөн көріпті.«Қазақ халқының ұлттық биінің тамыры тереңде. Мұнда біз халқымыздың талай ғасырдан бері жалғасып жатқан көркемдік ұстанымдарын, дүниетанымын тани аламыз.Театрымызда біз осы күнге дейін сақталып келген бай мұрамызға сүйене отырып, ұлттық пластика тілін байыта түсудің тың жолдарын да іздестіруге күш салып келеміз,- дейді авторлардың бірі Айгүл Тәти.

Толқын Абдуали – Кентау қаласының тұрғыны

Қазақ халқының болмыс-бітімін паш еткен қойылымда мың бұралған бишілер жоғары деңгейде өнер көрсетті. Ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен өткен кеш жұртшылыққа асқақ рух, эстетикалық ләззат сыйлады.Елордадан келген балет театрының көркемдік жетекшісі Нұрлан Канетов«Түркі әлемінің рухани астанасына гастрольдік сапарымыз Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы аясында өтіп отырғанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР