2021-12-06 20:11:37
6.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«Сырмақ шерткен сыр» шеберлік сағаты өтті

"Сырмақ шерткен сыр" шеберлік сағаты өтті 1

Әдет-ғұрып және салт дәстүр орталығы Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Сырмақ шерткен сыр» атты шеберлік сағат өткізді.

Іс-шараның мақсаты ұмыт бола бастаған көне дәстүрлерді жаңғырту, жүннен жасалатын бұйым түрлерін, киіз басу өнерін кеңінен насихаттау.

Шеберлік сағатта қала тұрғындарына ұмыт бола бастаған қолөнеріміз — жүн сабау, жүн бояу, шүйкелеу, киіз басудың қыр-сыры көрсетілді.

Шеберлік сағаттың бірінші күнінде әжелеріміз жүн сабау, жүн бояу, шүйкелеудің әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Шараға мәдениет мекемелері, “Үкілі”, “Көркем”, “Ақтілек” әжелер тобы, мектеп оқушылары қатысты.

Орталық директоры м.а. Райхан Сапарқызы игі шараның маңыздылығына тоқталып , ұйымдастыруға үлес қосқан өнерпаздар мен әжелерге алғысын білдірді. Шара екі күнге ұласады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР