2024-03-19 08:39:12
7.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ «МЕЙІРІМ МЕКЕНІНДЕ» КОНЦЕРТІ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ "МЕЙІРІМ МЕКЕНІНДЕ" КОНЦЕРТІ ӨТТІ
Өнер кеші Қазақстан бойынша алғаш рет үшінші мегаполисте өтіп отыр. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған іс-шараны «Fatyma» қайырымдылық қоры Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырған. Бұл кештің ерекшелігі сол — балалар үйлерінің тәрбиеленушілері белгілі сахна жұлдыздарымен бірге өнер көрсетті.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Концертті тамашалауға қала әкімі Мұрат Әйтенов, қалалық мәслихаттың депутаттары мен басқарма басшылары, қоғам қайраткерлері, қала тұрғындары жиналды.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
– Бүгінгі кешті ерекше кеш деп сеніммен айта аламыз. «Мейірім мекенінде» жобасы биыл қолға алынып, алғаш рет Шымкентте басталып отыр. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш әрі жауапкершілік. Өздеріңіз тамашалап отырғандай, ерекше тағдырлы балалар өз өнерлерін сіздерге паш етуде. Елімізде қазіргі таңда балалар үйлерінің саны азайып, патронаттық тәрбие кең жолға қойылып келеді. Ал балақайлар біздерді, ересектерді әрдайым қуанта берсін! – деді Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Өнер кешінде түрлі тағдырлы балалар Бекжан Тұрыс, Наркенже Серікбаева, Заттыбек Көпболсынұлы, Таңат Мамырханұлы секілді танымал өнер жұлдыздарымен бірге сахнада ән салды, өнерлі топтар би биледі, спорттық машықтарын көрсетті.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Өнер кешінде⠀Шымкент қаласы әкімдігінің атынан әр балақайға бағалы сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қоса Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Гүлжан Сүгірбаева балалар үйінің бір түлегін келер жылы грантпен оқуға қабылдауға уәде етті.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР