2024-03-29 12:57:10
9.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«Shymkent 2200: Туристік креативті қала бейнесі» конкурсына 70-тен аса өтінім түсті

«Shymkent 2200: Туристік креативті қала бейнесі» конкурсына 70-тен аса өтінім түсті
Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының ұйымдастыруымен қолға алынған «Shymkent 2200: Туристік креативті қала бейнесі» конкурсына өтінім беру кезеңі аяқталды.
Жалпы, конкурсқа алты сала бойынша 70-тен аса өтінім түскен. Олар – медиа, IT-жоба, креативті архитектура, туризм саласындағы креативті қызметтер, қаланың қолөнер бренді және гастрономия (Шымкент дәмі).
Өтінімдердің басым бөлігі IT-жоба мен креативті сәулет салаларының үлесінде. Әр жобада Шымкент қаласын креативті қалаға айналдыру мақсатында шаһарда бұрын-соңды болмаған дүниелер де бар. Айта кетейік, конкурс қатысушылары 26-27 қыркүйекте өтетін форум-көрмеде марапатталады.
Барлық қатысушы бағалы сыйлықтарға және сертификаттарға ие болады. Жалпы, конкурсқа өтінім қабылдау 9-24 қыркүйек аралығын қамтыған болатын.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР