2024-04-27 07:15:53
11.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шахмат үйірмесі жұмысын бастады

Шахмат үйірмесі жұмысын бастады
«SHANYRAQ» Отбасы институтын қолдау орталығы «Ізгілікте жарысайық» қоғамдық қорымен бірлесіп жасалған меморандум шеңберінде балаларға арналған
шахмат үйірмесін бастады.
Мақсат — мектеп жасындағы балалардың интернетте өткізетін уақыттарын пайдалы үйірмеге бағыттау, балалардың дамуына жағдай жасау.
Жас ерекшеліктеріне қарай төрт топқа он баладан жазылып, бүгін тоғызыншы тамыз күні алғашы сабақ басталып кетті. Курс сабақтары аптасына үш күн бір сағаттан, Әл-Фараби алаңы, 3/2 ғимаратта өтеді.
Сонымен қатар аптасына үш рет өтетін тоғызқұмалақ үйірмесіне жазылу мүмкіндігі де бар. Тоғызқұмалаққа қатысамыз деген балалар ата-анасымен бірге Әл-Фараби алаңы, 3/2 мекенжайындағы Орталық филиалына келіп жазылуы қажет.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР