2024-06-13 21:36:57
26.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«Еңбек адамы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

«Еңбек адамы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Қалалық жастар ресурстық орталығында «Сенім қадамы» жобасы аясындағы «Еңбек адамы» байқауының жеңімпаздарын марапаттау іс-шарасы өтті. Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы мен «Жалынды жастар» қоғамдық бірлестігі бірлесе ұйымдастырған байқауға 100-ге жуық өтінім түскен еді.

Арнай комиссия отырысының шешімімен ұзақ жылдар бойы қажырлы еңбек етіп жүрген қоғамдық өмірге бағытталған түрлі еңбек саласының 10 үздік қызметкері анықталды.

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов жеңімпаздарды құттықтап, өз саласының үздіктеріне алғысын жеткізді.

– Ұзақ жылдар бойғы қажырлы еңбегі ескеріліп, бүгінгі байқауда үздік деп танылып отырған барлық номинанттарды шын жүректен құттықтаймын! Кез келген елдің дамуы еңбекке тікелей байланысты екенін ескерсек, еңбек адамының қоғамда қашанда орны ерекше, абыройы биік болуы тиіс. Әрбір азаматы еңбекке бейім болса, елдің берекесі кіріп, ырысы молайып, өзгелермен терезесі теңеледі. Сондықтан Еңбек күнінің қарсаңында өткізіліп отырған бүгінгі байқаудың мақсаты – еңбек құндылығын дәріптеу, еңбекқор азаматтардың беделін көтеру, өнімді еңбек етуге ынталандыру.

Сіздер өз істеріңізге жауапкершілікпен қарау, кәсіби біліктілік пен шеберліктеріңізді шыңдай түсу арқылы жас ұрпаққа тамаша үлгі-өнеге көрсетіп келесіздер. Сіздерге зор денсаулық пен отбасыларыңызға бақ-береке тілегім келеді. Әрқашан адал еңбектің жемісін көріп, абырой биігіне көтеріле беріңіздер!, – деді қала әкімінің бірінші орынбасары.

Биылғы байқауда «Үздік әкімшілік шаруашылық қызметкері», «Үздік тәрбиеші», «Үздік қоғамдық көлік жүргізу саласының қызметкері», «Үздік тәртіп сақшысы», «Үздік өрт сөндіру саласының қызметкері», «Үздік медицина қызметкері», «Үздік кәсіпкер», «Үздік тазалық саласының қызметкері», «Үздік ұстаз» номинациясы бойынша жеңімпаздар анықталды.

Іс-шара соңы мерекелік концертке ұласты.

«Шымкент келбеті»

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР