2024-04-19 19:10:21
25.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Әл-Фараби кітапханасындағы «Night quest»

Әл-Фараби кітапханасындағы «Night quest»

Үшінші мегаполистегі Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханада ерекше іс-шара өтті. Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы ұйымдастырған «Night quest» саяхатына жаңалыққа жаны құмар жастар, оқырмандар мен қала тұрғындары қатысты.

Кітапхана ұжымы осылайша жастарды заманауи квест ойыны арқылы жаңғырған, жаңарған Әл-Фараби кітапханасымен таныстыруды мақсат тұтып отыр.

Креативті форматта өткен іс-шараға қатысушылар Әл-Фарабидің шәкірті Каллиграф пен кітапхана шырақшысы – Дәруіштің, Шығыс аруының бастауымен квесттің әр кезеңінде түрлі тапсырмалар орындады. Мысалы, сахналық көріністер, сандықтан қолжазбалар іздеу, ғұламаның шығармасынан үзінділерді табу арқылы келесі кезеңге өтіп отырды. «BOOKparty» барысында викторинаға қатысып, пікір алмасты.

Әл-Фараби кітапханасындағы «Night quest»

– Кітапханамыздың атауы өзгеріп қана қоймай, іші де, мазмұны да Әл-Фараби әлеміне сай безендіріліп, жаңартылды. Бұл жұмыстар қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтеновтың тікелей тапсырмасымен атқарылуда. Осылайша жастарға, қала тұрғындарына әлем таныған ұстаздың рухани, ғылыми мұрасын насихаттап келеміз. Былтыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай халықаралық ғылыми конференциялар өтті. Алда осындай форматтағы іс-шараларды  жалғастыру жоспарымызда бар, – деді Әл-Фараби кітапханасы директорының міндетін атқарушы Гүлмира Алпысбаева.

Бұдан кейін библиокафеде әдебиеттің түрлі жанры бойынша кітаптар ұсынылды. Сонымен қатар,  көпшілік түнгі киносеанста «Әбу Насыр Әл-Фараби» анимациялық фильмін тамашалады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР