2024-04-27 04:46:30
10.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

12 сәуір – халықаралық мейіргерлер күні

12 сәуір – халықаралық мейіргерлер күні

Бүгін ҚР денсаулық сақтау министрлігі мейірбикелерді кәсіби мерекесімен құттықтады. «Медициналық мекемелердегі барлық жұмыстардың 80%-дан астамы мейіргерлердің мойнында. Олар күн сайын, күніне 24 сағат пациенттерге қамқорлық жасайды – тамшылар қояды, таңғыштарды ауыстырады, қысымды өлшейді, температурасы мен жалпы жағдайын бақылайды, ауыр науқастарды емдейді», делінген ҚР денсаулық сақтау министрлігінің facebook парақшасында.

Бүгінде Қазақстанда мейіргерлердің тұтас әскері еңбек етуде. Орта медициналық қызметкерлердің кадрлық әлеуеті 185,7 мыңнан астам маманнан тұрады, оның ішінде 2 мың мейіргердің жоғары білімі бар. Ауылдық жерлерде 54 мыңнан астам орта буын медицина қызметкерлері жұмыс істейді.

Құрметті мейіргерлер, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Сіздерге шынайылық пен мейірімділік, шыдамдылық пен адалдық, ұқыптылық, жауапкершілік және жоғары кәсібилік қабілеттеріңіз үшін рахмет!

Біз пандемия кезеңіндегі сіздің еңбегіңіз үшін, әрбір науқастың өмірі үшін жанқиярлықпен күрескеніңіз, өз денсаулығыңызды аямай, туыстарыңыздан бөлек үлкен физикалық және моральдық ауыртпалықтарды иығыңызға көтергеніңіз үшін ерекше ризамыз.

Отбасыларыңызға бақыт пен амандық, денсаулық, шыдамдылық және пандемияның барлық қиындықтарын жеңуге күш қуат тілейміз! Баға жетпес жұмысыңыз үшін сізге тағзым етеміз!

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР