2024-04-26 02:27:12
16.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Тіл — Тәуелсіздіктің тірегі!

Тіл - Тәуелсіздіктің тірегі!
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 30 жыл. Осы ұлы мереке қарсаңында Шымкент қаласы Әдістемелік орталықта​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ 2021 жылдың 06.09-30.09 аралығында жылдық жұмыс жоспары негізінде гуманитарлық пәндер (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі және өзбек тілі мен әдебиеті) педагогтері арасында «Тіл – татулық тірегі» тақырыбында (аралас форматта) айлық іс-шара басталды.
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Айлық іс-шараның мақсаты – мемлекеттік тілді кеңінен қолдануды насихаттау, әлемдік тіл ретінде ағылшын тілін жетік меңгеруді тіл-татулықтың, достықтың тетігі, тәрбиенің көзі, халықты біріктірудің маңызды факторы екенін өскелең ұрпаққа ұғындыру және оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту.
​ ​ ​ ​ ​ ​ Айлықтың үшінші ​ аптасында 20.09-24.09.2021 аралығында ағылшын тілі пәні апталығы. Тілдер мерекесіне орай білім беру ұйымдарында іс-шара жоспары бекітіліп, жоспар негізінде білім алушыларды мемлекеттік тілді құрметтеуге, әлемдік тіл – ағылшын тілін жете меңгеруне халықты біріктірудің маңызды факторы өскелең ұрпаққа ұғындыру және оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту мақсатында жұмыстар жүйелі үйлесімдік табуда.
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Атап айтар болсақ, №40 мектеп-гимназиясы 9-сынып оқушылары арасында «Festival of languages»​ ағылшын тілі кеші ұйымдастырылды.
​ ​ ​ ​Аталған шараға мектеп-гимназияның барлық 9-сынып оқушылары белсенді қатысты. Ағылшын тілі кеші барысында ​ тілінің бұдан әрі дамуының өзекті мәселелері талқыланып, Қазақстан жастарын отансүйгіштікке тәрбиелеу, өзге тілдің бәрін біл өз тіліңе құрметпен қарау сияқты мәселелер ортаға салынды. Мерекелік іс-шара мектеп-гимназия басшыларының құттықтау сөзімен ашылды.
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ «Тіл-татулық тірегі» тақырыбында (аралас форматта айлық іс-шара келесі аптада өзбек тілі мен әдебиеті пәні бойынша жалғасын таппақ.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР