2024-04-19 07:34:56
17.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте жаңа оқу жылында 19 мектеп пайдалануға беріледі

Шымкентте жаңа оқу жылында 19 мектеп пайдалануға беріледі
Шымкент қаласында биылғы жылы 12 714 орынға арналған жиырма үш мектеп пайдалануға тапсырылады. Оның ішінде он тоғыз жаңа мектеп қыркүйек айында оқушыларға есігін ашады. Бұл туралы бүгін жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифинг кезінде білім басқармасының басшысы Ж.Тажиева мәлім етті.
Спикердің айтуынша, пайдалануға берілетін білім мекемелерінің төртеуі мемлекеттік, 19-ы жекеменшік. Нәтижесінде, апатты мектеп мәселесі толығымен жойылып, үш ауысымды мектептер саны 14-тен 9-ға, мектебі жоқ елдімекендер 13-тен 11-ге және ыңғайластырылған ғимараттағы мектептер саны 5-тен 4-ке төмендейді екен.
«2021-2025 жылдар аралығында сапалы білім беруге жағдай жасау мақсатында жетпіс екі  мектеп құрылысы жүргізілетін болады. Ал, күрделі жөндеу төрт нысанда жүргізілуде және жиырма сегіз мектептің ауласына спорт алаңдары орнатылуда. Қысымдау жұмыстары екі жүз елу сегіз мемлекеттік білім ұйымдарында 100% аяқталды»,-деді басқарма басшысы.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР