2024-04-25 11:31:22
17.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте 600-ден аса жас маман жұмыспен қамтылды

Шымкентте 600-ден аса жас маман жұмыспен қамтылды

Шымкентте жыл басынан бері 600-ден астам жас маман 6 айлық сынақ мерзімімен, алғашқы жұмыс тәжибесінен өткен.

Солардың бірі – Әділет Базарбай. Ол Шымкент политехникалық колледжінің түлегі. Ол оқу орнында «Радиотехника электроника және телекоммуникация» мамандығы бойынша білім алған. Әділет жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркеліп, Жастар практикасы арқылы «Қазақтелеком» АҚ Оңтүстік аймақтық телекоммуникация дирекциясына жұмысқа орналасты.

– Колледжді 2018 жылы бітірдім. Диплом қолға тигенімен өз мамандығым бойынша жұмыс таба алмадым. Осылайша Жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркелдім. Жыл басында жастар практикасы бағдарламасына қатысып, жұмысқа орналастым. Ниеттенген адамға қашан да «екі қолға бір күрек» табылады, — дейді жас маман.

Айта кетсек, биыл мегаполисте Жастар практикасы арқылы 2 500 жас маманды жұмыспен қамту жоспарланған.

Олар 6 ай сынақ мерзімінде өзін жақсы қырынан таныта білсе, тұрақты жұмыспен қамтылуларына толық мүмкіндіктері бар. Жалақысы – 25 айлық есептік көрсеткіш. (2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақсанда бір АЕК мөлшері – 2917 теңге)

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР