2024-03-28 16:45:42
7.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкент қаласы Республикалық мектеп лигасынан 2 орынды иемденді

Шымкент қаласы Республикалық мектеп лигасынан 2 орынды иемденді
Мектеп оқушылары арасында өткен республикалық Ұлттық Мектеп Лигасының жалпы қорытындысы бойынша Шымкент қаласы жүлделі 2-орынды жеңіп алды. Спорттың он түрінен өткен сайыстан оқушылар он алтын, екі күміс, екі қола медаль иемденді. төрт кезеңнен тұрған жарыстың ақтық мәресіне  үш  жүз алпыс шымкенттік оқушы қатысқан.
Жарыстың мақсаты — мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді пайдалану, спортпен шұғылданушыларды қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау,бұхаралық спортты дамыту, спорт түрлері бойынша үздік мектеп командаларын анықтау.
Еске сала өтсек, Шымкент қаласында мектеп оқушылары арасында спорттың он түрінен (баскетбол, волейбол, гандбол, футзал, футбол, тоғызқұмалақ, асық ату, бес асық, үстел теннисі, президенттік сынама) жас ерекшеліктері бойынша «Ұлттық Мектеп Лигасының» қалалық кезеңі ақпан-сәуір айларында өткізілген болатын.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР