2024-04-19 09:43:55
17.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкент қаласы мен Орал қаласы: желілік қауымдастық – педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру құралы

Шымкент қаласы мен Орал қаласы: желілік қауымдастық – педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру құралы
Желілік қоғамдастық-заман талабы. Мұғалімнің кәсіби дамуын қамтамасыз етудің мықты тұстарының бірі – әдістемелік орталықтар республикалық деңгейде педагогтер арасында желілік қауымдастықты құру. Желілік қауымдастық мұғалімдердің кәсіби өсіп, қалыптасуын қамтамасыз етеді, өзара байланысқа шығуына мүмкіндік береді. Кәсіби желілік қауымдастықтардың ең басты ерекшелігі педагогтер арасындағы сенімділік болып табылады, әрі оқыту үдерісіне тиімді жаңа мүмкіндіктер ұсынады.Өз тәжірибесін өзгелермен бөлісе отырып, тұрақты дамуға қол жеткізуге болатынын нақтылады.
Осы ойды тәжірибе барысында әрекетке түсіру үшін Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты әдістемелік орталықтың қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдіскері, п.ғ.магистрі Арысбаева Жарқынай Асетуллаевна Орал қаласының білім беру бөлімінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдіскері Тасимова Алима Утегеновнамен бірге «Білімді ұлт-тұрақты даму кепілі» атты республикалық тамыз кеңесінде педагогтер арасында кәсіби байланыс орнатты. Бүгінде кәсіби байланыстың дәлелі ретінде Орал қаласының білім беру бөлімімнен Шымкент қаласынан тамыз конференциясына қатысқан баяндамашы Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, ф.ғ.магистрі Салыбекова Бибигул Есимханкызының да алғыс хаты да келді.
Нәтижесінде мұғалімдердің кәсіби дамуына бағыт бағдар беруде желілік қоғамдастықты құру арқылы ой бөлісу, тәжірибе алмасу, білім мен біліктілікті дамыту, ортақ шешімге келу, ортақ жұмысты жоспарлау, қиындықтан шығу жолдарын бірлесе отырып қарастыру, талқылау, талдау ақпарат бөлісуге болатынын аңғарған Орал қаласының білім беру бөлімі Шымкент қаласының әдістемелік орталығымен ынтымақтастықты дамытып, игі істерді жалғастырамыз деп ниеттерін білдірді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР