2024-03-29 04:52:04
5.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шәкірттерін ғарышқа баулыған

Шәкірттерін ғарышқа баулыған

Шынайы тәрбие белгілі бір ережелерден емес, жаттығулардан құралады. Шымкент қаласындағы №2 мамандандырылған мектеп-интернатының физика және астрономия пәнінің мұғалімі Қалида Қаймакбаева 15 жылдан бері осы ұстаныммен шәкірттерін тәрбиелеп келеді. Қазіргі жаңартылған білім мазмұнында да оқушыға білім беруде стандарттан тыс, логикалық жаттығулар көп кездеседі. Демек ұстаздар үйрету барысында ерекше тәсілдермен баланы білімге баулыса – заман көшімен қатар жүргені.

Қаладағы №2 мамандандырылған мектеп-интернатының негізгі бағыттарының бірі – оқушыларға ғарыштық білім беру. Білім мекемесі ғаламдық ойлауды дамыту және оқушылардың санасына адам мен ғарыштың бірлігі туралы идеяны қалыптастыруды мақсат тұтады.

Аспанның біз білмейтін қыр-сырына баулып келген Қалима Негізбайқызы шәкірттерін Халықаралық, Республикалық ғарыштық физика мен астрономиядан, астрофизика, ғарыштық робототехника бойынша түрлі олимпиадалар мен ғылыми жарыстарға баулып жүрген жаңашыл ұстаздың бірі.

Қаймақбаеваның оқушылары үнемі аспанды зерттеп, аспанға қарап, жұлдыздардың орналасуын, ғарышты зерттеп жүріп, болашағын сол деп білді. Қазір ұстаздың шәкірттері еліміздегі авиация академиясында білім алып, мамандықтарын осы саламен ұштастыруда.

Шебер – педагог, физика ғылымының магистрі. Шымкент физиктер қауымдастығының мүшесі болған Қалима Негізбайқызының еңбегі еленіп, 2020 жылы «Тәуелсіз Қазақстанның үздік ұстаздары» және «Қазақстанның үздік ұстазы» төс белгісімен марапатталған.

Ұстаздың «Ақпараттық технологияларды жүйелеп физиканы оқыту әдістемесі», «7, 8 – сыныптарда физика сабағын ағылшын тілінде жоспарлау», «Мектеп курсына арналған астрономиялық есептер шығару жинағы», «Астрономиялық физика пәнінің оқу бағдарламасы» атты еңбектері елімізде әдістемелік құрал ретінде қолданылып келеді.

Сабақ барысында оқушыларды тек ғылымға баулып қана қоймай, рухни құндылықтарға баулып, қайда жүрсе де туған жерге қызмет ететін тұлға ретінде қалыптасу жолына да тәрбелейді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР