2021-10-27 18:32:20
16.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата-аналар және барша қазақстандықтар!

Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата-аналар және барша қазақстандықтар! 1
Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен құттықтаймыз!
1 қыркүйек барша халықтың дәстүрлі мерекесі! Бұл мереке барша азаматтардың білім ұйымдары қабырғасында алған әсері мен толғанысын айғақтайтын ерекше сәттерімен есте қалады.
Қоғамның даму көрсеткіші — БІЛІМДЕ! Сол себепті әлем деңгейінде білім мен ғылымның алар орны ерекше. Мемлекетіміздің бәсекеге қабілетті елдер қатарына енуі барысында осы маңызды салаға айрықша назар аударуда. Елімізде балалар үшін білім беру ұйымдарының түрлі нысандары ашылып, бүлдіршіндердің қоғам талабына лайықты болып өсуіне жағдай жасалуда.
Осы білім мен ғылымның дамуының бастауы – Ұстаз! Осы керемет кәсіп иелерінің мәртебесін әрқашан аса жоғары көтеріп, қадірлей білу біздің міндетіміз.
Құрметті ұстаздар! Ұлы қазақ даласының болашағы үшін жасап жатқан еңбектеріңіз жемісті, жеңісті болсын. Жаңа оқу жылындағы игі істеріңізге, қажырлы еңбектеріңізге сәттілік серік болсын.
Бүгінгі мерекелі күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге, әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталған күні тағыда құтты болсын!
Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілейміз! Бүгінгі күн Сіздер үшін үлкен үміттер күні болсын!
Әдістемелік орталық

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР