2024-03-29 20:53:16
8.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

М.Әйтенов Сайрам тұрғын алабындағы білім нысандарының құрылыс барысын бақылады

М.Әйтенов Сайрам тұрғын алабындағы білім нысандарының құрылыс барысын бақылады

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы бірқатар білім беру нысанының құрылыс барысын аралап көрді.                                                                  Білім ошақтарының құрылыс барысын бақылау кезінде Мұрат Дүйсенбекұлы Сайрам тұрғын алабында 300 орындық мектепке барды. Бұл білім ұйымының жұмысы қарқынды жүргізілуде. Әлеуметтік нысанның құрылысы өткен жылы наурыз айында басталған болатын. Жауапты мердігер мекеме – «Жаңа Арна 2002» ЖШС-і. Жобаның сметалық құны – 1 020 553,0 мың теңге. Ал құрылысты жаңа оқу жылының басталуына дейін аяқтау жоспарланған.

Сонымен қатар, шаhар басшысы тұрғын алаптағы 120 орындық қосымша оқу корпусы құрылысының барысын да аралады. Аталған нысан құрылысы «А.Р.Т.-Құрылыс» ЖШС-і тарапынан жүргізілуде. Мердігер мекеме құрылысты биыл тамыз айында аяқтауды жоспарлап отыр.                                                                                                          Айта кетейік, қала әкімі нысандарды аралау кезінде Тұран шағын ауданындағы 1 200 орындық мектептің де құрылыс барысымен танысып, жұмыс сапасын бақылады. Өз кезегінде Мұрат Дүйсенбекұлы жауапты тұлғаларға жұмысты сапалы орындап, межелі мерзімде тапсыруды міндеттеді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР