2024-04-16 10:27:01
16.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Жастарды қолдау

Жастарды қолдауШымкент – жастар қаласы. Ал жастар – ел болашағы. Қалада 264 мыңнан астам жастар бар. Яғни, қала халқының 26% құрап отыр. Осыған орай «Nur Otan» партиясы жастарға жан-жақты қолдау көрсете отырып, «Жастар – Отанға» жобасын жүзеге асыруды жалғастырады.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Осы мақсатта «Nur Otan» партиясының бастамасымен алдағы 5 жылда төмендегідей істер жүзеге асырылады:⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
➢ 2019-2021 жылдары өз ісін бастаймын деген жастарға жыл сайын «Бастау бизнес» және «Жас кәсіпкер» бағдарламалары бойынша 4 500 жасты оқытып, кемінде 2 000 жобаға 200 АЕК көлемінде грант бөлуін қамтамасыз етеді;⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
➢ «Бизнестің жол картасы» шеңберінде жыл сайын кемінде 100 жас кәсіпкерге жеңілдетілген несие алуға жағдай жасайды;⁣⁣⠀
➢ 15 мыңға жуық жастарды жастар практикасына бағыттап, өзінің қабілетін ашуға мүмкіндік береді;⁣⁣⠀
➢ Жұмысшы жастарды ынталандыру үшін жыл сайын 900 пәтерден 3 жылда 2700 пәтер беріледі;⁣⁣⠀
➢ 2021-2022 жылдары студенттерге мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы 2 500 орындық жатақхана салынады.⁣⁣⠀
➢ Волонтерлік ұйымдарды қолдау мақсатында, үздік 10 жобаға 1 миллион теңгеден грант бөлінеді;⁣⁣⠀
➢ Арнайы Коворкинг орталығы ашылады;⁣⁣⠀
➢ Көпбалалы жас отбасыларға арналған «Шаңырақ» психологиялық, құқықтық, кәсіптік кеңес беру институты іске асырылады.⁣⁣

Жастарды қолдау
ЖАСТАРДЫ ТОЛҒАНДЫРАТЫН САПАЛЫ БІЛІМ АЛУ, ЖҰМЫССЫЗДЫҚ, БАСПАНА, ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ ЫНТАЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҒЫ БОЛАДЫ.⁣⁣

«Nur Otan» партиясының⁣⁣⠀
Шымкент қаласы бойынша⁣⁣⠀
Сайлауалды бағдарламасынан!⁣⁣

Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Байкен Аширбаев!

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР