2021-10-17 06:16:51
5.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Үшінші мегаполис вакциналау бойынша екінші орында

Үшінші мегаполис вакциналау бойынша екінші орында 1

Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов мәлім етті.

– Шымкент қаласында вакцина салдырудың қарқыны жоғары деңгейде жүруде. Нәтижесінде, екпе егу көрсеткіші бойынша елімізде екінші орында тұр. Яғни, медицина қызметкерлері (14 818), мұғалімдер (23 761) және құқық қорғау қызметкерлері (9 569) жоспарды толық іске асырды. Одан бөлек, вакцинаны созылмалы аурулары бар азаматтар (7 672) мен студенттер (5 246) қабылдады. Оған қоса, өзге санаттағы (96 032) ерікті екпе егушілердің де қатары көп болды. Бұл ретте ағартушылық-түсіндіру жұмыстары ұдайы жүргізіліп, вакцина салдырушыларға барлық жағдай қарастырылды, – деді Б.Позилов.

Спикердің сөзінше, үшінші мегаполиске жалпы «Спутник V» вакцинасының І компонентінен 159 080 доза, ІІ компонентінен 74 700 доза, отандық «QazCovid-in» вакцинасынан 4 000 доза, ал «Hayat-Vax» вакцинасының 24 000 дозасы жеткізілген. Нәтижесінде коронавирусқа қарсы екпенің I компонентін 157 116, ал II компонентін 62 377 адам қабылдаған. Осы орайда басқарма басшысы отандық вакцинаға сұраныс жоғары екенін айрықша атап өтті.

Сондай-ақ, баспасөз мәжілісінде Бақытжан Жолдасбекұлы қала тұрғындарының Covid-19 инфекциясына алаңдаушылық индексі төмендегенін айтып, дабыл қақты. Оның айтуынша, шаhарда мониторингтік жұмыстар үздіксіз жүргізіліп жатса да, қала тұрғындары карантиндік шектеулер мен санитарлық нормаларды сақтамай отыр. Осыған байланысты эпидемиологиялық ахуал бірқалыпты болып тұрған жоқ. Яғни, өткен тәулікте коронавирус індетін жұқтырудың 125 жағдайы тіркелген.

Еске салсақ, қалада 11 ПТР тестілеу орталығы жұмыс істеуде. Бұл тестілеуді инфекция жұқтырған адаммен байланыста болғандар, жүкті әйелдер және емханаға портал арқылы жүгінгендер тегін тапсыра алады. Ал қалғандары 6–8 мың теңге аралығында ақылы тапсырады.

Айта кетейік, бүгінде қалалық №2 ауруханасына қарасты емханада екпе егу тәулік бойы жүргізілуде. Ал вакцинациялау бойынша сауалдарға байланысты «109» немесе 39-33-47 нөміріне хабарласуға болады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР