2024-04-26 01:41:54
16.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Табиғи газбен қамту мәселесі түсіндірілді

Табиғи газбен қамту мәселесі түсіндірілді
Кеше, 26 тамыз күні кешкісін «Шымкентсити» шағын ауданының 30 шақты тұрғыны жолды жауып, газ берілуін талап етті.
Оқиға орнына қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту, құрылыс басқармаларының, Қаратау ауданы әкімдігінің және «Қуатжылу» мекемесінің жауапты өкілдері барып, наразы топпен кездесті, мәселені жан-жақты түсіндірді. Жағдай реттеліп, жол қозғалысы қалпына келтірілді.
Қаланың солтүстік бөлігін, оның ішінде «Шымкентсити» шағын ауданын табиғи газбен қамту мәселесі бірінші кезекте атқарылуы тиіс жұмыстардың тізіміне енген.
Жұмыс тәртібіне сәйкес, газ жүйелерін жүргізудің жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынған. Жоба қаржыландыру жоспарына еніп, бірнеше кезеңді қамтитын құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды.
Жобаның құрылымында ең негізгі және ауқымды жұмыс көлемі — N3 автоматтандырылған газ тарату станциясы (АГРС) мен магистралды газ құбырларын тарту құрылыстарына тиесілі. Ішкі орамдық газ жүйелерін тартып, орталық жүйеге қосу — құрылыстың ең соңғы сатысында атқарылатын іс.
Негізінде, жоспар бойынша газ тарату станциясының құрылысы 2022 жылы аяқталуы тиіс болатын. Қала әкімдігі аталған жобаның маңыздылығын ескере келе жұмыстарды жеделдетіп, жобаны мерзімінен бұрын іске қосу жөнінде бастама көтерген-ді.
Қазіргі таңда газ тарату станциясы мен магистралды газ құбырының құрылысы толық аяқталды. Техникалық талаптарға сәйкес сынама жұмыстары атқарылуда. Станция мен магистралдық желілер қауіптілігі жоғары нысандар санатына жататындықтан, қазіргі кезде лабороториялық және техникалық қадағалау сынақтарынан өткізілуде.
Тұрғындардан бұл мәселеге түсіністікпен қарауға шақырамыз.
Құрылысы биылғы жылы аяқталуы тиіс барлық табиғи газ нысандары жылыту маусымына дейінгі мерзімде іске қосу мәселесі қала әкімінің тікелей бақылауында екенін мәлімдейміз.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР