2024-04-20 12:25:22
23.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте соңғы тәулікте 4000-нан аса адам вакциналанды

Шымкентте соңғы тәулікте 4000-нан аса адам вакциналанды
Шымкент қаласында эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келеді. 18 тамыз күні КВИ-дің төрт жүз он сегіз  жағдайы тіркелді (белгілері бар – 341, белгілері жоқ – 77). 265 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, жүз елу үш адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 3 930 орын бар, төсек орын толымдығы 60%-ды құрайды, 1560 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 2370 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – бес жүз елу тоғыз төсек орын бар, үш жүз тоқсан үш  науқас ем қабылдауда. Бір тәулікте 3312 адамнан ПТР сынамасы алынды.
Соңғы тәулік ішінде қалада 4294 адам вакцина алды
(I компонент-2026, II компонент-2268). Егу науқаны басталғалы барлығы 406 062 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 333 479 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Коронавирусты жеңудің жалғыз жолы – екпе алу, сондықтан баршаңызды екпе салдыруға шақырамыз. Емханалардағы екпе егу бекеттері аптаның барлық күнінде таңғы 8.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс жасайды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР