2024-04-25 22:28:26
18.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте инфекциялық орындардың 50 пайызы қысқарды

Шымкентте инфекциялық орындардың 50 пайызы қысқардыШымкентте індетке шалдыққандар күн сайын азайып келеді. Соның дәлелі қаладағы провизорлық стационарлардағы төсек-орындардың 50 пайыздан астамы босады. Нақтырақ айтқанда, 4 350 төсек орыннан 2 397-і қысқарған. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Бүгінге дейін қалада 25 инфекциялық стационар жұмыс істеді. Эпидемиялогиялық жағжайдың тұрақталуына байланысты бұл⠀емдеу орталықтарының 13-і жабылды. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Медициналық мекемелер қазір қалыпты жұмыс режиміне көшуде. Яғни, науқастар жоспарлы түрде бұрынғыдай ем қабылдай алады. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығында 1 953 орын бар. Төсек орын толымдығы 36 пайызды құрайды. ⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Айта кетейік, Шымкент қаласы ковидке қарсы вакцинациялау бойынша 86, 8 % көрсеткішпен көш бастап тұр.Соңғы тәулікте⠀қалада 7286 адам вакцина алды (I компонент-4933, II компонент-2353). Егу науқаны басталғалы барлығы 467⠀916 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 388 362 адам вакцинаның екі компонентін алды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР