2024-03-28 21:31:42
8.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте «Асыл жүрек» орталығы жылына 700-ден астам зейнеткерлерге әлеуметтік қызмет көрсетеді

Шымкентте "Асыл жүрек" орталығы жылына 700-ден астам зейнеткерлерге әлеуметтік қызмет көрсетеді
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова қаламызда зейнет жасына жеткен азаматтарға арналған «Асыл Жүрек» әлеуметтік-медициналық орталығының тыныс-тіршілігімен танысып,қызмет алушылармен тілдесіп қайтты.
Орталықтың негізгі мақсаты – азаматтарға денсаулық жағдайына байланысты белсенді өмір сүруді қалыптастыруда жартылай стационарлық жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету.
Орталық бір жылда 740 зейнеткерге қызмет көрсетеді.
Аталған мекемеде зейнет жасындағы азаматтарға массаж, физтерапия, дәрілерлердің кеңестері, спортпен шұғылдану, шахмат, компьютерлік сауаттылығын арттыру, құқықтық және психологиялық қызметтер көрсетеді.
“Асыл жүрек” белсенді ұзақ өмір сүру орталығына жолдама алу үшін, Шымкент қаласының зейнеткерлері алдымен Бәйтереков көшесі,89 орналасқан
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына келіп өтініш жазып, құжаттар тапсырады.
Құжаттар тізімі:
1.Төлқұжат көшірмесі
2.Медициналық анықтама
3. Наркологиялық, психоневрологиялық, диспансерінен берілетін анықтама (egov.kz)
4.Зейнеткерлік анықтама көшірмесі
Айта кетсек, Шымкент қаласы бойынша зейнеткерлер саны – 82 821, соның ішінде ҰОС ардагерлер саны – 20, тыл еңбеккерлері – 3153.
Көп балалы аналар саны – 43 932, оның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталғандар – 10 667, зейнет жасындағы көп балалы аналар – 2 377.
Мекен-жайы: “Асыл жүрек”
Дулати, 36, 0-2 этаж, Шымкент
+7 (7252) 53‒02‒08
+7‒776‒388‒95‒55

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР