2024-03-29 03:59:39
5.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте 17 этномәдени бірлестік жұмыс істейді

Шымкентте 17 этномәдени бірлестік жұмыс істейді

Шымкент – қазақы кең пейілінен арылмаған, сан ұлттың өкілін бауырына басқан, достық пен татулықтың мекені. Шымкентте қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясында қазір 17 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Ассамблея жанындағы ақсақалдар алқасы, аналар мен іскер әйелдер бірлестігі, жастар қанаты қоғамдағы көптеген келелі мәселелерді талқылауда белсенділік танытып келеді.

– Қазақстан көпэтносты мемлекет. Осындай елде, талайдың тағдырын бір арнаға тоғыстырған қасиетті жерде тұратыныма мақтанамын. Жүзден астам ұлт пен ұлыстың өкілдері бір мақсат-мүдде аясында тірлік кешіп келеді. Бұл –Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың өлшеусіз еңбегінің жемісі. Елбасы Қазақстан халқының бірлігін сақтап қалуда үлкен қадамға барды. ҚХА-ның осы күнге дейін ұстанған негізгі мақсаты — республикадағы ұлттық саясатты жүргізу және қоғамдағы саяси жағдайларға болжам жасау негізінде қоғамдағы ынтымақты қамтамасыз ететін іс тәжірибелік ұсыныстарды ойластыру. Мемлекет басшысының республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілі ретіндегі қызметіне атсалысу десек, ұйым бұл үдеден сөзсіз шығып келеді, — дейді қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Тахиржан Хакимбеков.

Шымкент қаласында өтіп тұратын түрлі мәдени іс-шараларға ассамблея жанындағы этномәдени бірлестіктер белсенді түрде қатысады. «Мектепке жол», «Қайырымдылық істер марафоны» атты ісшараларға өз үлестерін қосудан ассамблея мүшелері, этномәдени бірлестіктері шет қалған емес.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР