2024-04-20 01:34:09
20.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкент – қауіпсіз қала: тұрғындармен әлеуметтік желі арқылы тиімді байланыс орнатылуда

Шымкент – қауіпсіз қала: тұрғындармен әлеуметтік желі арқылы тиімді байланыс орнатылуда

ҚР Президенті Қ. Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында: «Біз азаматтарымыздың лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға, олардың құқықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге міндеттіміз» деген болатын.

Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету – саламатты қоғам құру үшін маңызды шарт. Осы мақсатта Шымкент қаласы Полиция департаменті былтыр “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” атты тұжырымдасы аясында республикада алғаш рет әлеуметтік желіде арнайы “Жедел әрекет ету тобын” құрған болатын.                  «Жедел әрекет ету тобын» құрудағы басты мақсат – үшінші мегаполис халқының мұң-мұқтажын анықтап, тиісті шаралар қабылдау болып табылады.

Таяуда «Жедел әрекет ету» арнайы чатына Республика даңғылы бойындағы «Көмеш бұлақ» базарының алдына көліктер тоқтап, жол қозғалысы кептелісін тудырып жатқаны туралы ақпарат берді. Тұрғындарға келтірілген қолайсыз жағдайды жою бағытында жолдағы қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында аталған мекенжайда арнайы патрульдік полиция полкінің қызметкерлері іс-шара өткізді. Нәтижесінде, 15 автокөлік жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 597 бабы бойынша әкімшілік хаттама тлтырылды.

Осы орайда, полицейлер барша жол қозғалысының қатысушыларын жолда жүру ережесін бұзбауға, жолда көлік жүргізушілеріне мұқият болуға, өзара құрмет көрсетіп, жылдамдық тәртібін қатаң сақтауға шақырады.                                                              Еске салсақ, Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен тәртіп сақшылары 109 автокөлік, 550 бейнетіркегіш, 1402 планшет және 400 дана компьютер, 550 бейнежетон және өзге де техникамен қамтамасыз етілген. Қосымша 3740 бейнебақылау камерасы берілмек.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР