2024-04-20 14:31:37
24.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкент: орталықта қорғансыз жандарға көмектесу белсенді жүргізілуде

Шымкент: орталықта қорғансыз жандарға көмектесу белсенді жүргізілуде

Бүгін Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін «Самғау сенім орталығы» КММ-не зерделеу жұмыстары жүргізілді. Мобильдік топ құрамында Шымкент қаласы «Әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Баян Жандосова және Шымкент қаласы мәслихат депутаты Жадыра Танатарова бар.

Орталық 4 бағытта қызмет көрсетеді. Олар: Тұрмыстық зорлық- зомбылық құрбандарына тап болған, өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға, отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету; Адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету; Отбасыларды қолдау мақсатында психологиялық, құқықтық және әлеуметтік кеңестер түріндегі кешенді бағдарламаларды жүзеге асыру; Террористік белсенділік аймақтарынан қайтып келген әйелдер мен кәмелетке толмағандарды дерадикаландыру және оңалту жөніндегі қызметті ұйымдастыру.

Негізгі мақсат – қиындыққа душар болған отбасыларға тығырықтан шығар жол көрсетіп, балаларға қауіпсіз жағдай жасау. Қазіргі таңда қаламызда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болатын әйелдер саны да сейілер емес.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін «Самғау сенім орталығы» КММ-і тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған арулармен білікті мамандар жұмыс істейді. Сонымен қатар тұрғылықты жерінен айырылған жандарға орталықтың арнайы баспанасы бар. Ол жерде қиын жағдайға тап болған азаматтар 6 айға дейін тегін тұрақтай алады. Қазіргі таңда 70 орынға негізделген орталықта 7 ана мен 16 бала тұрып жатыр.

Айта кетейік, зерделеу жұмыстары 13 тамызға дейін жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР