2024-03-28 22:53:59
8.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкент: 2022 жылы Абай ауданы 100 пайыз электр жарығымен қамтылады

Шымкент: 2022 жылы Абай ауданы 100 пайыз электр жарығымен қамтылады

Бүгін Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов жыл басынан бері атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

«Абай ауданың аумағындағы 34 елді мекеннің 31-і (96%) мемлекеттік электр жарығымен қамтылып отыр. Ал қалған 3 елді мекен (4%)  жеке меншік трансформаторларды пайдаланады. Биыл Абай ауданы аумағы 100 пайыз электр жарығымен қамтылады» — деді  аудан әкімі.

Спикердің сөзінше, аудан аумағы бойынша 34 елді мекеннің 33-і сапалы ауыз сумен қамтылып, 97%-ды құрап отыр.  2022 жылы 5,2 млрд.теңгеге 1 жобаның (Құрсай, Арғымақ) құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін құрылыс жұмыстары аяқталып, елді мекендер сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.

Ауданның 8 елді мекені 115,9 мың адам (36,0%) орталықтандырылған кәрізбен қамтылған, қалған 26 елді мекен 207,0 мың адам (64,0%) кәрізбен қамтылмаған. Ал 2025 жылға дейін 59 пайыз орталықтандырылған кәріз жүйесімен қамтылады деп күтілуде.

Сонымен қатар, аудан аумағы бойынша 34 елді мекеннің 24 елді мекені (73,5%) табиғи газ жүйесімен қамтылса, қалған 10 елді мекен қатты отынды пайдалануда.

2021 жылға дейін Ауданындағы 71 көше жарықтандырылған болатын. Бұл көрсеткішті арттыру мақсатында биыл мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында аудандағы 111 (30) көшеге жарықшам орнатылды. 2023-2025 жылдары  жарықтандырлған көше саны 259-ға жетеді.

Айта кетейік, 2022 жылы 56 шақырым жол пайдалануға берледі. Жалпы 39 жобаға құны 2,4 млрд.теңге қаралған.

Сонымен бірге Ауданда 2021 жылы Қызылжар, Игілік, Жаңаталап, Нұршуақ, Батыс, Тәуелсіздікке 20 жыл, Ынтымақ-2, Ақтас-2 шағынаудандары ауыз сумен қамтылды. Осы тоғыз елді мекенге су жеткізу үшін 7,1 млрд теңгеге Көмешбұлақ су көзінен Қ.Төлеметов көшесіне дейінгі магистралды су құбыры салынып, бүгінде ел игілігін көруде. Ал биыл 5,2 млрд теңгеге Құрсай мен Арғымақ шағынаудандарына су жүйесі салынып жатыр. Пайдалануға тапсыру мерзімі осы жылдың соңына дейін жоспарланған.

Көгілдір отын жеткізу мақсатында да ауқымды тірліктер тындырылып жатыр. Бүгінде 10 елді мекен қатты отынды пайдаланады. 2022 жылы Көкбұлақ, Батыс, Арғымақ, Ақжар, Ақтас-2, Ақтас және Нұршуақ шағынаудандарына табиғи газ желісін салу үшін бюджеттен 5,3 млрд теңге бөлінген.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР