2022-07-07 02:14:18
23.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Қоғамдық қауіпсіздік

Шымкент – жергілікті тұрғындар мен қонақтар үшін қауіпсіз әрі жайлы қала болуы тиіс. «Nur Otan» партиясы көшелерді жарықтандыруға, бүкіл қаланы бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етуге ықпал ететін болады.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Шалғайда орналасқан 40 елді мекеннің орталық көшелері мен әлеуметтік нысандарға баратын жолдары жарықтандыруды қажет етеді. Қазіргі таңда 25 мектептің дәретханалары сыртта орналасқан.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Осы мақсатта «Nur Otan» партиясы төмендегідей жұмыстарды атқарады:⁣⁣⠀
➢ 2021-2023 жылдары онлайн-режимде жұмыс жасайтын 2000 бейнебақылау камерасы іске қосылады;⁣⁣⠀
➢ 2020 жылы 133 мектепте ішкі бейнебақылау камералары орнатылады;⁣⁣⠀
➢ Жол қозғалысын реттейтін – 1000, қоғамдық қауіпсіздікті бақылайтын 500 камера орнатылады;⁣⁣⠀
➢ 2020-2021 жылдары 25 мектептің дәретханалары мектеп ғимаратының ішіне орналастырылады;⁣⁣⠀
➢ 2020-2021 жылдары қаладағы 4 аудандық полиция басқармасының жанынан «Бір терезе» қағидаты бойынша фронт-офистер ашылады.⁣⁣⠀
Нәтижесінде қаладағы барлық көшелер мен аулалар жарықтандырылып, бейнебақылау камералары орнатылады.⁣⁣⠀

«Nur Otan» партиясының⁣⁣⠀
Шымкент қаласы бойынша⁣⁣⠀
Сайлауалды бағдарламасынан!⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Байкен Аширбаев!

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР