2024-04-25 08:57:26
16.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Қазақстанда әскери қызметшілерге берілетін қаржылай көмек 30 пайызға артады

Қазақстанда әскери қызметшілерге берілетін қаржылай көмек 30 пайызға артады
Қазақстанда әскери қызметшілерге берілетін қаржылай төлем 3 жыл ішінде 30 пайызға артады, деп хабарлайды CITYNEWS.KZ ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Бұл жайында Қазақстан Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде айтты.
– Қорғаныс министрлігіне мүдделі органдармен бірлесіп, 2021 жылғы 1 қарашаға дейін Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардағы идеологиялық жұмыстардың тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар ол әскерилерді әлеуметтік-құқықтық тұрғыдан қорғау мәселесіне тоқталды.
Президент келесі жылдан бастап күштік құрылымдарға арналған азық-түлікке бөлінетін қаржы көлемі артатынын, алдағы 3 жыл ішінде әскери қызметшілерге берілетін қаржылай төлемді орташа есеппен 30 пайызға көбейту туралы шешім қабылданғанын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР