2024-04-26 03:02:17
16.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Қала әкімі орталық су спорт кешеніне барды

Қала әкімі орталық су спорт кешеніне барды
Бұл — «Шымкент» Орталық су-спорт кешені. Әл-Фараби ауданы, Қазиев көшесі 2в мекенжайында орналасқан. Мұнда жүзуден оқу-жаттығу жиындары мен спорттық жарыстар өтеді.
Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов спорт кешенінің жұмысымен танысты. Қалада жастар арасында жүзу мен гимнастика кең тарағанын айтқан шаһар басшысы мұндай спорт кешендерін көптеп салу қажеттігін жеткізді.
Орталық су кешенінің жалпы ауданы 5555 шаршы метр. Жүзу алаңы, асхана, медициналық кабинет, тренажер залы, екі киім ауыстыратын бөлме, жеті жүз жиырма бес  көрерменге арналған орындық бар. 2012 жылы пайдалануға берілген.
Сегіз жүзу жолағы бар. Бір  мезетте  тоқсан алты спортшыны қабылдауға мүмкіндігі бар.
Қала басшысы су кешеніне келушілер үшін, әсіресе мектеп оқушылары үшін жеңілдетілген тарифтер қарастырып, санитарлық-гигиеналық талаптардың қатаң сақталуын тапсырды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР