2022-07-02 01:31:52
22.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«Мүмкіндіктер алаңы» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

Шымкент қаласы тұрғындарының назарына!

Ағымдағы жылдың 9 маусым күні «Арбат» алаңында сағат 16.00-де жұмыссыз азаматтарға арналған «Мүмкіндіктер алаңы» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді.

Іс-шараның мақсаты — қаланың жоғары және орта арнаулы оқу орындарының түлектері,  жұмыссыз жүрген азаматтарды нәтижелі әрі тұрақты жұмыспен қамту,  жұмыс беруші мекемелер қажетті мамандар таңдауларына, ал жұмыс іздеушілерге жұмысқа орналасуларына мүмкіндік беру және кеңес алу.

Жәрмеңкеге 50-ге жуық жұмыс беруші мекемелер қатысып, 5000-ға жуық медициналық, техникалық, педагогикалық, жеңіл өнеркәсіп және қызмет көрсету салалары бойынша тұрақты және уақытша бос жұмыс орындары ұсынылады.

Қала жастарына 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба  шеңберінде «Әлеуметтік жұмыс орындары», «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны»,»Ұрпақтар келісім шарты»,»Күміс жас» бағыттары бойынша ақылы  жұмыстар да ұсынылады.Сонымен қатар, қала азаматтарына еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға кәсіби оқыту курстары,Солтүстікке қоныс аудару бағдарламасы туралы мәлімет беріледі. Сондай-ақ, іс-шара аясында қызмет көрсету бұрыштары орнатылып, жұмыспен қамту орталығы мамандарының кеңесі (түйіндеме құрастыру үлгісі, ЭЦҚ кілтін ашу және enbek.kz порталын пайдалану мүмкіндіктері және т.б.) беріледі.

Статистикаға сүйенсек, мегаполис халқының 239 мыңнан астамы – жастар. Қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы бүгінде мыңнан астам бағдарлама қатысушысына жолдама берілді. Олардың қатарында медбике, фельдшер, экономист, қаржыгер, бухгалтер, тіс дәрігері, кадастр, техник мамандар бар.

Кез келген мемлекеттегі жұмыссыздық мәселесінің белең алуы қоғамға қауіпті. Өйткені ол – кедейшілік деңгейінің артуына түрткі болатын басты себеп. Ал халқын кедейлік жайлаған елдің ертеңі бұлыңғыр. Сол себепті мемлекетіміз егемендікке қол жеткізгелі бері жұмыссыздықты азайтуды саясаттың басым бағыты ретінде қарастырып, сәт сайын түрлі бағдарламаларды қолға алып, оның жүйелі жүзеге асырылуына күш салып келеді.

Ендеше жұмыс табудың мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР