2024-03-28 13:43:27
11.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Коронавирустың жаңа қауіпті штамы Алматыда тіркелген жоқ

Коронавирустың жаңа қауіпті штамы Алматыда тіркелген жоқ

Алматыда аса қауіпті Британ, Оңтүстік Африка штамдары тіркелген жоқ. Бұл туралы Алматы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды CITYNEWS.KZ ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сілтеме жасап.

«Қазір коронавирустың құрылымында өзгерістер болып жатыр. Әлемде оның мутацияланған 1400 штамы анықталды. Бірақ олардың қаупі өте аз. Ал Британия және Оңтүстік Африка республикасында анықталған штамм өте қауіпті. Бізде Қазақстанда бұл штамм тіркелген жоқ. Бұл штамм бұрынғы таралып жатқан штамнан 70 пайызға қауіпті. Елімізде арнайы ғылыми орталығымыз бар. Осы жерде тіркеліп жатқан вирустар зерттеледі. Бұл екі вирус әлі табылған жоқ. Әуежайда да күнделікті жұмыс істеп жатырмыз. Осы уақытқа дейін 74 жолаушыдан вирус анықталды. Оның барлығы оқшауланды», — деді Бекшин.

Бұған дейін бас санитар дәрігер қаңтардағы ахуал жайлы баяндаған болатын.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР