2022-05-24 00:41:18
17.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Көгалдандыру жұмыстары кестеге сай жүргізілуде

Көгалдандыру жұмыстары кестеге сай жүргізілуде 1
Шымкенттің келбетін келісті етіп, әрін арттыратын– оның жайқалған жасыл желегі. Қаланың шырайын шұғылалы ету мақсатында Әл-Фараби ауданын жасылдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгінде аудан аумағында жасыл-желектерді суғару, газондарды қырқып ретке келтіру жұмыстары атқарылып жатыр.

Сондай-ақ, тал-теректер отырғызып, оларға күтім жасау – ауданымыз үшін аса маңызды әрі қажетті жұмыстардың бірегейі. Биыл көктемде ауданның басты көшелерінің бойына қондырылған туя шыршалары тамырын кеңге жайып, жақсы өніп-өсуі үшін оларға арнайы қоршаулар жасалды. Шыршаларға суғару, күтіп баптау жұмыстары күнделікті жүргізілуде.

Аталған жұмыстар «Build stroi» мекемесі тарапынан жүргізілуде. Көгалдандыру жұмыстары одан әрі жалғаса бермек

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР