2024-03-29 07:20:15
5.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Головкин ақысын жеген төреші тағы дауға қалды

Головкин ақысын жеген төреші тағы дауға қалды
ФОТО: Vesti.kz

Аделаида Берд БАҚ өкілдерінің наразылығын тудырды. Аралас жекпе-жек туралы белгілі vRINGe.com порталы Аделаида Бердтің шешіміне наразылығын білдірді,-деп хабарлайды CITYNEWS.KZ ақпарат агенттігі vesti.kz сілтеме жасап.

Еске салайық, америкалық төреші әйел 2017 жылы өткен Альварес пен Головкин арасындағы бірінші жекпе-жекте жеңісті 118:110 есебімен мексикалыққа берген. Содан кейін ол бір айға шеттеліп, алайда, жазаланбаған болатын. Содан кейін де Берд бірнеше рет даулы шешім бойынша сөзге іліккен.

Осы жолы БАҚ өкілдері Лас-Вегастағы жекпе-жектен кейінгі шешімге ашуланды. Бұл кездесуде Олимпиаданың екі дүркін чемпионы, жартылай жеңіл салмақтағы кубалық проспект Робейси Рамирес аты шықпаған колумбиялық Брэндон Вальдестен анық басымдығын көрсеткен. Рамирес алтыншы раундта техникалық нокаутпен жеңді, рингтегі төреші оны қарсыласын сабап жатқан жерінен әзер ажыратып алды. Алайда Бердтің ойынша, жекпе-жек тоқтағанға дейін Вальдес жеңіп жатқан болып шықты.

«Мүмкін емес, бірақ, факт. Аделаида Берд жекпе-жек тоқтағанға дейін бес раундтың үшеуін шімірікпестен Вальдеске берген. Жалынамын, оны бокстан аулақ ұстаңдаршы!» — деп жазыпты украиналық портал.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР