2024-04-20 02:54:27
17.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Еңбекші ауданында орналасқан тойханаларға карантиндік талаптардың сақталуы бойынша рейд жүргізілді

Еңбекші ауданында орналасқан тойханаларға карантиндік талаптардың сақталуы бойынша рейд жүргізілді

Еңбекші ауданында арнайы құрылған мониторингтік топ жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде. Бүгін аудан аумағында орналасқан 22 тойхана мен мейрамханаларға мобильдік топ карантиндік талаптардың сақталуы бойынша кезекті рейд ұйымдастырды. Бұл жұмыстар коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу және қала аумағында карантиндік шектеу шараларының сақталуын күшейту мақсатында жүргізіліп отыр.

Карантиндік режимге байланысты тойхана иелеріне той және ас беру жиындарын өткізбеу керек екенін қатаң ескертіп, карантин талаптарын сақтауға шақырды. Жалпы мониторинг жұмыстары нәтижесінде анықталған кемшіліктерге хаттамалар толтырып, құзырлы мекемелерге заң шеңберінде жолданатын болады.

Еңбекші ауданында орналасқан тойханаларға карантиндік талаптардың сақталуы бойынша рейд жүргізілді

Шымкент қаласы бойынша өткен тәулікте 662 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 15 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР