2024-03-28 20:45:34
8.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Биыл Шымкентте 403 ЭКО квота бөлінді

Биыл Шымкентте 403 ЭКО квота бөліндіЖыл басында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес елімізде «Аңсаған сәби» әлеуметтік бағдарламасын іске асыру басталды. Оның мақсаты – қосалқы репродуктивтік технологиялардың көмегімен шиеленіскен отбасылық-демографиялық проблемаларды шешу.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, осы репродуктивті технологияның нәтижесінде тиімділік 45-60 пайызды құрайды. Бұл көрсеткіш біздің елімізде орта есеппен 15% — дан 42% — ға дейін өскен. Бала туу фактісі бойынша емдеу тиімділігінің көрсеткіші (take baby home) 30% деңгейінде. Бұл ең жақсы еуропалық клиникалардың көрсеткішіне сәйкес келеді.
Қазақстанда осы жылдан бастап бөлінетін квоталар саны 7000-ға дейін өсті. Бұл квоталарды беру айғақтарды кеңейтуге және оларды алу үшін кезекті едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда елімізде бедеулікпен есепте 11030 әйел тұр. Оның ішінде Шымкентте бедеулікпен есепте 338 жұп тұр. Бұл жөнінде қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б.Позилов баяндады.
Оның айтуынша, биыл Шымкент қаласына «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 403 квота бөлінді. Әзірге 340 квота пайдаланылған. Биылдан бастап экоға бұрын жүгінбеген және жеке медициналық орталықтарда бақылауда болған бедеулігі бар пациенттерді белсенді түрде анықтауда.
ЭКҰ-ға дайындық жүргізетін қалалық перинаталдық орталықтың консультативті-диагностикалық блогы жетекші медициналық ұйым ретінде бекітілді. Онда 2018 жылдан бастап «Бедеулік мәселелері жөніндегі Кабинет» жұмыс істейді.
Сондай-ақ, ҚРТ үшін квоталарға кезектілікті ұсынудың ашықтығын және пациенттерді клиникаларға уақтылы жіберуді бақылауды қамтамасыз ету, мониторинг жүргізу мақсатында өңірлік комиссия құрылып бекітілген.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР