2024-04-19 19:24:41
25.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Әлеуметтік нысандардың 98 пайызы жылыту маусымына дайын

Әлеуметтік нысандардың 98 пайызы жылыту маусымына дайын
Шымкент қаласы аумағында 482 бюджеттік нысан орналасқан болса, бүгінгі таңда 474 нысан жылыту маусымына дайын. Яғни, нысандардың 98 пайызы алдағы жылыту маусымына әзір. Бұл жөнінде жылыту маусымына дайындық жұмыстарын пысықтау бойынша қала әкімінің қатысуымен өткен жиында қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Болатбеков мәлімдеді.
Сала жетекшісінің айтуынша, қаладағы 256 білім нысаны, отыз үш спорт және он төрт әлеуметтік объектілердің барлығы жылыту маусымына дайын. Ал, денсаулық сақтаудағы 109 нысанның тоқсан  төрт пайызы, мәдениет саласындағы жетпіс нысанның тоқсан  жеті  пайызы дайындалған.
Бюджеттік нысандардың көмірге қажеттілігі 4,7 мың тонна, тасымалданғаны 4,6 мың тонна, сұйық отынға қажеттілігі тоғыз жүз сексен тонна болса, толық қамтамасыз етілген. Қажетті отын көлемі 1 қыркүйекке дейін жеткізіледі деп күтілуде.
Айта кетейік, жылыту маусымы басталған уақытта ең алдымен мектеп, балабақша, медицина мекемелері сынды әлеуметтік нысандарға жылу беріледі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР