2024-03-29 07:16:19
5.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Әл-Фараби көшесі жалғасының құрылысы қарқынды жүргізілуде

Әл-Фараби көшесі жалғасының құрылысы қарқынды жүргізілуде

Әл-Фараби көшесінің жалғасы бойынша жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары кестеге сай атқарылуда. Қала әкімі Мұрат Әйтенов құрылыс барысын бақылады. Сала жетекшілеріне жолдың сапалы салынуын қадағалауды тапсырды.

Көшенің жалпы ұзындығы 7,6 шақырым, ені 43 метр. Жолдың жүріс бөлігі – 4 жолақты. Қазіргі уақытта асфальт төсеу жұмыстары қолға алынған. Жалпы құрылыс жұмыстарының 95 пайызы орындалды.

Көше бойында 6,35 метрлі жолақты бөліп тұратын жасыл аймақ, арық, 3 метрлік жаяу жүргінші жолы, 4,5 метрлік жолдың екі жағынан жасыл аймақ қарастырылған.

Әл-Фараби көшесі Темірлан тас жолындағы көлік тығынын азайту үшін баламалы жол болып есептеледі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР