2024-04-23 13:18:20
26.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Әл-Фараби ауданында жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде

Әл-Фараби ауданында жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде

Әл-Фараби ауданындағы көпқабатты үйлердің жылыту маусымына дайындық жұмыстары пысықталды. Диваев көшесі, төменгі Отырар шағын ауданы 9, 11 үйлердің сығымдау, Бейбітшілік көшесінде ескірген құбырларды жаңасына алмастыры жұмыстары тексерілді.

Әл-Фараби ауданында 672 көпқабатты тұрғын үй болса, оның 613-і орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосылған. Бүгінде оның  35 пайызы жылыту маусымына дайын. Алда бұл бағытта жұмыстар жалғасатын болады.

Тұрғындарға жылыту қондырғылары мен қазандықтардың техникалық жай-күйін, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын алдын ала жүргізіп, тиісті мекемемен келісімшартқа тұру маңызды екенін ескертеміз.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР