2024-11-25 18:46:42
9.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Ұлттық жоба аясында шымкент жастарын жұмысқа тарту көзделген

Ұлттық жоба аясында шымкент жастарын жұмысқа тарту көзделген

Бүгінгі таңда республиканың үшінші мегаполисінде 14-29 жас аралығын қамтитын 245 178 жас бар. Олар жалпы қала тұрғындарының  21,7 пайызын құрайды.

Жастарға қызмет көрсету мақсатында төрт ауданда «Жастар ресурстық орталығы» жұмыс істеуде. «Жастар ресурстық орталығы» КММ 2022 жылға мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында 10 бағыт бойынша жылдық жұмыс жоспарын бекіткен. Сондай-ақ «Жастар ресурстық орталығы» жанынан «Мобильді топ» құрылып, шалғай елді мекендердегі он мыңнан астам жасқа әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Бұдан бөлек қаладағы 203 мектепте 140 мыңға жуық оқушы, 8 жоғары оқу орнында 85 240 студент және 38 орта арнаулы оқу орнында 40 279 студент білім алуда.

Сондай-ақ биыл «2021-2025 жылдарға кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» шеңберінде 18 425 жасты жобаға тарту жоспарланып отыр. Аталған жоспарды жүзеге асыру мақсатында «Шымкент қаласындағы NEET санатындағы жастар туралы» тұжырымдама бекітілген.

Осы тұжырымдамаға сәйкес, жұмыссыз жүрген 10 604 жастың тізімі жасақталып, оқуға түсу және жұмысқа орналасу бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Жоспарға сәйкес жыл басынан «Мүмкіндіктер алаңы» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі  27-рет ұйымдастырылып, оған 4100 жас тартылған. Соның нәтижесінде бүгінде жоба аясында 6 828 жас мемлекеттік бағдарламаға тартылып, 3 623-і тұрақты жұмыспен қамтылды.

Сонымен бірге Шымкентте бос жұмыс орындары жәрмеңкесі тұрақты түрде өтіп тұрады. Аталған  іс-шараның мақсаты – қаланың жоғары және орта арнаулы оқу орындарының түлектері, жұмыссыз жүрген азаматтарды нәтижелі әрі тұрақты жұмыспен қамту, жұмыс беруші мекемелер қажетті мамандар таңдауларына, ал жұмыс іздеушілерге жұмысқа орналасуларына мүмкіндік беру және кеңес алу.

Қала жастарына 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде «Әлеуметтік жұмыс орындары», «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісім шарты», «Күміс жас» бағыттары бойынша ақылы жұмыстар да ұсынылады. Сонымен қатар, қала азаматтарына еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға кәсіби оқыту курстары, Солтүстікке қоныс аудару бағдарламасы туралы мәлімет беріледі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР