Шымкент – жергілікті тұрғындар мен қонақтар үшін қауіпсіз әрі жайлы қала болуы тиіс. «Nur Otan» партиясы көшелерді жарықтандыруға, бүкіл қаланы бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етуге ықпал ететін болады.⠀
⠀
Шалғайда орналасқан 40 елді мекеннің орталық көшелері мен әлеуметтік нысандарға баратын жолдары жарықтандыруды қажет етеді. Қазіргі таңда 25 мектептің дәретханалары сыртта орналасқан.⠀
⠀
Осы мақсатта «Nur Otan» партиясы төмендегідей жұмыстарды атқарады:⠀
➢ 2021-2023 жылдары онлайн-режимде жұмыс жасайтын 2000 бейнебақылау камерасы іске қосылады;⠀
➢ 2020 жылы 133 мектепте ішкі бейнебақылау камералары орнатылады;⠀
➢ Жол қозғалысын реттейтін – 1000, қоғамдық қауіпсіздікті бақылайтын 500 камера орнатылады;⠀
➢ 2020-2021 жылдары 25 мектептің дәретханалары мектеп ғимаратының ішіне орналастырылады;⠀
➢ 2020-2021 жылдары қаладағы 4 аудандық полиция басқармасының жанынан «Бір терезе» қағидаты бойынша фронт-офистер ашылады.⠀
Нәтижесінде қаладағы барлық көшелер мен аулалар жарықтандырылып, бейнебақылау камералары орнатылады.⠀
«Nur Otan» партиясының⠀
Шымкент қаласы бойынша⠀
Сайлауалды бағдарламасынан!⠀
⠀
Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Байкен Аширбаев!