Бұған дейін Жәмішев Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры директорлар кеңесінің төрағасы болып жұмыс істеді. Қазақстанның бұрынғы қаржы министрі Болат Жәмішев «Bank RBK» АҚ директорлар кеңесінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды CITYNEWS.KZ ақпарат агенттігі sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.
Банктің директорлар кеңесінің басшысы қызметінде Болат Жәмішев қаржы институтының стратегиялық дамуы мен оның позицияларын нығайту мәселелерін қадағалайды.
Сондай-ақ акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен банктің тәуелсіз директоры Торстен Полдың өкілеттілігі бір жылға ұзартылды.
Осылайша, енгізілген өзгерістер ескеріле отырып, Банктің директорлар кеңесі мынадай құрамда құрылды: Болат Жәмішев (директорлар кеңесінің төрағасы), Наталья Акентьева, Мұсабек Әлімбеков, Болатбек Жайназаров, Торстен Пол (директорлар кеңесінің мүшелері).