2024-11-22 05:25:17
2.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкенттік дәрігерлер саусағы жарақаттанған 4 жасар балаға күрделі ота жасалды

Шымкенттік дәрігерлер саусағы жарақаттанған 4 жасар балаға күрделі ота жасалды
Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасының дәрігерлері саусағының сүйегі майдаланып кеткен 4 жастағы балаға күрделі ота жасады, деп хабарлайды Citynews.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
Ата-анасының сөзінше, бала ойнап жүріп велосипедтің тізбегіне (цепь) саусағы қысылып қалған. Соның салдарынан саусағының сүйектері майдаланып, ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Медицина мамандары баланың өмірін аман алып қалу үшін шұғыл түрде ота жасап, саусағының майдаланған сүйектерін жинап берді. Медицина қызметкерлердің сапалы әрі нәтижелі жұмысының нәтижесінде науқастың жағдайы жақсы.
«Ота кезінде баланың жарақаттанған саусағындағы тамырларын тігіп, сүйектерін қайта қалпына келтірдік. Операция сәтті өтті. Баланың қазіргі жағдайы жақсы» -дейді дәрігер-хирург Сакен Тұрғынбаев.
Медицина мамандары балалардың түрлі жарақат алып, ауыр халде ауруханаға түсуі жазғы демалыс кезінде жиілейтінін айтуда. Сондықтан ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмау керектігін ескертеді. Сондықтан ересектердің кішкентайларды назардан тыс қалдырмаған жөн.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР