
Шымкент қаласындағы №145 жалпы орта білім беру мектебінде «Озық педагогикалық тәжірибені жинақтау, зерттеу және тарату – білім сапасын арттырудың маңызды қадамы» тақырыбында мазмұнды іс-шара өтті. Заманауи білім беру жүйесінде мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен жаңашыл тәжірибесі басты орынға шығып отырған уақытта бұл шараның маңызы ерекше.
Ұйымдастырушылар педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамытатын, кәсіби дағдыларын жетілдіретін және үздік тәжірибелерді бөлісуге мүмкіндік беретін орта қалыптастыруды көздеді. Атап айтқанда:
- заманауи педагогикалық тәсілдерді анықтау және зерделеу;
- тиімді оқыту практикасын дамытуға жағдай жасау;
- педагогтер үшін тәжірибе алмасу алаңдарын қалыптастыру;
- жаңашыл педагогтердің еңбегін насихаттау міндеттері қойылды.
Озық тәжірибені жүйелі түрде зерттеп, жинақтап, білім беру ұйымдары арасында тарату – бүгінгі білім сапасын арттыруға бағытталған негізгі қадамдардың бірі екені айтылды.
Іс-шара барысында мектептің тәжірибелі әрі шығармашыл педагогтері тиімді оқыту әдістері мен авторлық әзірлемелерін таныстырды. Қатысушылар инновациялық педагогикалық тәсілдердің оқыту сапасын арттыруға ықпалын талдап, түрлі пәндер бойынша тиімді практикаларды ортаға салды.
Ұсынылған материалдар алдағы уақытта талданып, өңделіп, білім беру ұйымдары үшін әдістемелік қор ретінде жинақталатыны атап өтілді.
Жиын соңында сарапшылар мен педагогтер бірлескен пікір алмасу жүргізіп, озық тәжірибені таратуға қатысты нақты ұсыныстарын білдірді. Іс-шараның нәтижесінде:
- үздік әдістемелік жұмыстар мен авторлық жобалар білім беру процесіне енгізу үшін іріктеледі;
- педагогтер арасындағы кәсіби ынтымақтастық нығаяды;
- инновациялық оқыту тәжірибелерін кеңінен енгізу көзделеді.
Бұл бағыттағы жұмыстар мұғалімдердің кәсіби деңгейін арттырып қана қоймай, оқу процесінің сапасын жақсартуға да зор үлес қосатыны күтіледі.
№145 мектеп базасында өткен бұл іс-шара – сапалы білім беруді қамтамасыз ету жолындағы маңызды тәжірибе алаңы. Педагогтердің үздік идеялары мен әдістемелік жаңалықтары орта білім беру жүйесінде жаңашылдықты дамытуға серпін беретіні сөзсіз.
